Әлеуметтік желіде Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омардың суретін ұстап билеген қара нәсілді жігіттердің видеосы қызу талқыға түсті.
ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омардың суретін ұстап билеген қара нәсілді жігіттердің видеосы қызу талқыға түсті. Тіпті, ер адамдардың бірі қазақстандық шенеуніктің қағазға басып шығарылған фотосын сүйіп алған. Бейнежазбаға қатысты қалалық әкімдік пікір білдірді, деп жазады kaz.nur.kz.
"Жақсылық Омар - ең үздік әкім", - дейді видеодағы жігіттер. Осыдан кейін олар Өскемен әкімінің портретін ұстап билеп, суретті сүйіп алады. Видеода қала туралы әннің де дауысы естіледі. Қазнет қолданушылары видеоны бірден талқылауға көшкен. Көпшілігі бұған әзіл ретінде қараған.
"Креативті әкім", "Расымен бе, әлде монтаж ба?", "Хайп", "Бұл жігіттердің парақшалары бар ма?", "Қара пиар", "Мына жігіттердің харизмасы керемет екен", "Міне, нағыз хайп", - деп жазуда көпшілік.
Видеоға қатысты Өскемен қаласы әкімінің баспасөз қызметі пікір білдірді.
"Жексенбі күні желіден көріп, таңғалдық. Әрине, күлдік. Мұны кімнің қандай мақсатпен жасағын ябелгісіз. Кейбіреулер мұны әкімдік істеген деп ойлайды. Алйда біздің бұған еш қатысымыз жоқ. Instagram желісінде "Привет из Африки" деген парақша бар екенін, сол арқылы кез келген адамға қатысты осындай роликті 3500 рубльге (20 мыңнан астам теңгеге) жасатуға болатынын білдік. Әлдекім Өскемен әкімінің видеосын жасауға тапсырыс берген болуы керек. Бізге мақсаты белгісіз. Суретті рұқсатсыз пайдаланғаны үшін сотқа жүгінбейміз. Біреудің қалжыңдағысы келген болуы мүмкін", - дейді ведомствоның баспасөз қызметі.