Жалған дипломды Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті сатқан.
ERNUR.KZ. Жарты миллионға жалған диплом сатып алған Шемонаиха тұрғыны заңға тартылды, деп жазады altaynews.kz.
Бұған дейін де қылмыстық топпен ұрлық жасап, жеті жыл көлемінде жазасын өтеп келген ол, жаңа өмір бастамақ болған. Шет елге кетіп, жұмысқа орналасқысы келгенімен, ол сатып алған дипломының ШҚО бойынша білім саласындағы бақылау департаменті арқылы тексеруден өтетінін білмеген сыңайлы.
Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінен сатып алған дипломы оған тек кесірін тигізді. Шемонаиха аудандық соты күдіктіні кінәлі деп танып, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға шешім шығарды.