Жамбыл облысында 2018 жылы жұмыс іздеп кеткен тұрғын хабар-ошарсыз жоғалды

0
168

Руслан Бозтаев 2018 жылғы 12 наурызда үйінен шыққан.


Жамбыл облысында 2018 жылы жұмыс іздеп кеткен тұрғын хабар-ошарсыз жоғалды

instagram/volontery_almaty_lider.kz

ERNUR.KZ. Жамбыл облысының тұрғыны 2018 жылы Талдықорғанға жұмыс іздеп кетіп, содан бері хабарсыз кеткен. Туыстары ер адамды әлі күнге дейін іздеп таппай жүр. 40 жастағы азаматқа қатысты ақпарат Lider.kz еріктілерінің Instagram-парақшасында жарияланған, деп жазады tengrinews.kz.

Руслан Бозтаев 2018 жылғы 12 наурызда үйінен шыққан. Мекенжайы - Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылы. Екі күннен кейін ол әпкесінің күйеуіне телефон шалып, Талдықорғанда екенін, кірпіш зауытында жұмыс істеп жүргенін айтқан.

2018 жылғы тамызда Руслан Алматыдағы "Тастақ" базарынан байқалған. 2019 жылы оны Алматыда інісі көріп, екеуі хабарласып тұруға келіскен. Сондай-ақ, Руслан өз сөзінде Алматыда пәтерге жөндеу жасап жүрмін деген. Алайда содан бері ер адам отбасы мүшелерімен байланысқа шықпаған.

2020 жылы Русланның Ерлан есімді танысы туыстарымен хабарласып, Русланның қайда жұмыс істейтінін және қай жерде тұратынын білетінін айтқан. Бірақ содан кейін телефонға жауап бермей, отбасы мүшелерімен қайта байланыспаған.