Сотталушылар кінәларын ішінара мойындады.
Фото: freepik
ERNUR.KZ. Жамбыл облысының соты үш кәмелетке толмаған оқушыға үкім шығарды, деп жазады inbusiness.kz.
Кәмелетке толмаған сотталушылар адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы, Байзақ ауданы Құмжота ауылындағы мектептің әжетханасында 8-ші сынып оқушыларын жинап, бағыну мен нұсқауларын орындауды талап етіп, олардың кеуде тұсынан жұдырықпен ұрған.
Кеудесінің сол жақ бөлігінен алған соққылардың салдарынан кәмелетке толмаған оқиға орнында қайтыс болған.
Сот үкімімен сотталушылар кінәлі деп танылып, Л.Н.-ға - 6 жыл 8 айға бас бостандығын айыру, Л.Л.-ға - 6 жыл 8 айға бас бостандығын айыру, Т.-ға - 1 жылға бас бостандығын шектеу жазалары тағайындалды.
Мемлекет кірісіне сот сараптамаларына жұмсалған процестік шығындар, жәбірленушілердің өтемақы қорына мәжбүрлі төлем, сондай-ақ жәбірленуші тараптың пайдасына сотталғандар Л.Н.-нің заңды өкілінен 6 млн. теңге, Л.Л.-дің заңды өкілінен 5 млн теңге моральдық зиян өндірілді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.