Жамбыл облысында анасына ауыр сөз айтқан ер адам қамауға алынды

0
134

Оның есірткі және психотроптық заттарды медициналық емес мақсатта тұтынғаны анықталды.


Жамбыл облысында анасына ауыр сөз айтқан ер адам қамауға алынды

фото: Pixabay / 4711018

ERNUR.KZ. Ер адам анасын қорлағаны және есірткі заттарын қолданғаны үшін қамауға алынды, деп жазады sputnik.kz.
Сотта анықталғандай, 2026 жылдың қаңтарында ер адам үйде болған кезінде анасын қорлап, оған былапыт сөздер айтқан. Сонымен қатар, оның есірткі және психотроптық заттарды медициналық емес мақсатта тұтынғаны анықталды.
"Ер адамның кінәсі тараптардың айғақтарымен, хаттамаларымен және сараптама қорытындысымен дәлелденді. Ол анасына қатысты қорлайтын сөздер айтқанын өзі де мойындаған", - деп жазылған хабарламада.
Ал әйел ұлының мұндай әрекеттерге үнемі жол беретінін жеткізді.
Айта кетері, ер адам 2024 жылдың наурызында осындай құқық бұзушылық үшін жауапқа тартылған, оған сол кезде ескерту берілген. Сол себепті жасалған құқық бұзушылықтың қайталануы, сондай-ақ мас болу жағдайы ауырлататын мән-жайлар ретінде танылды.
Сот қаулысымен ер адам кінәлі деп танылып, оған құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алу тағайындалды.
Қаулы заңды күшіне енді.