Алдын ала мәлімет бойынша зардап шеккендер травматикалық қарудан жараланған.
Фото: Жамбыл облысы ПД
ERNUR.KZ. Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында төрт адам оқ жарақатын алды, полиция қылмыстық іс қозғады, деп жазады tengrinews.kz.
"29 шілдеде сағат 21:30 шамасында Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық ауруханасына оқ жарақатымен төрт ер адам жеткізілді", - деп жазылған хабарламада.
Алдын ала мәлімет бойынша зардап шеккендер травматикалық қарудан жараланған.
"Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 24-бабы, 3-бөлігі, 99-бабы, 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп түсіндірді ведомство өкілі.
Құқық қорғау органдары күдікті адамдарды анықтауға және ұстауға бағытталған жедел іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатқаны айтылды.
"Болған оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша тергеу жүргізіліп жатыр", - деп толықтырды ПД баспасөз қызметі өкілі.