Жамбыл облысында екі теміржолшыны пойыз басып кетті

0
698

Олардың теміржол ұйымының 33 және 44 жастағы екі жұмысшысы екені анықталды.


Жамбыл облысында екі теміржолшыны пойыз басып кетті

ERNUR.KZ. Теміржол ұйымының екі жұмысшысын жолаушылар пойызының басып кетуіне байланысты тергеу басталды, деп жазады zakon.kz.

"13 қаңтарда Жамбыл облысының Бел станциясына кіре беріс Алматы – Ақтөбе бағытында қатынайтын жолаушылар пойызының локомотиві екі адамды басып кетті. Екеуі де оқиға орнында қаза тапты. Олардың теміржол ұйымының 33 және 44 жастағы екі жұмысшысы екені анықталды. Тергеу жүргізіліп жатыр, тергеу барысында оқиғаның мән-жайы анықталады", - дейді құзырлы ведомтсвадағылар.