Жамбыл облысында ер адам “Сергекті“ атып түсірген

0
145

Қаулы заңды күшіне енді.


Жамбыл облысында ер адам “Сергекті“ атып түсірген

ERNUR.KZ. Жамбыл облысында ер адам "Сергек" камерасына оқ атқаны үшін жазаланды, деп жазады tengrinews.kz.

Сот мәліметінше, 2025 жылы желтоқсанда Сарыкемер - Түймекент - Ақшолақ тасжолында пневматикалық мылтықтан оқ атып, "Сергек" камерасына қасақана зақым келтірген.

Сотта ер адам кінәсін толық мойындап, келтірілген залал ішінара өтелгенін жеткізген. Ал жәбірленуші тарап залал толық көлемде өтелмегенін мәлімдеген.

"Сот қаулысы бойынша, М. ӘҚБтК-нің 147-1-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 196 мың теңге көлемінде айыппұл тағайындалды", - делінген хабарламада.

Қаулы заңды күшіне енді.