Жамбыл облысында ірі жол апаты болды: видео

0
102

Жол апаты салдарынан екі адам зардап шекті.


Жамбыл облысында ірі жол апаты болды: видео

фото: tengrinews.kz.

ERNUR.KZ. Жамбыл облысында Батыс Еуропа - Батыс Қытай автожолында ірі жол-көлік оқиғасы болды. Өңірлік полиция апаттың мән-жайын баяндады, деп жазады tengrinews.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, Mercedes-Benz жүк көлігінің жүргізушісі көлікті басқара алмай, жолдың жүру бөлігін жауып қалған. Осыдан кейін оның бүйір бөлігіне Volkswagen соғылған.

Жол апаты салдарынан екі адам зардап шекті.

"Жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жан-жақты тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ведомство.

Жамбыл облысы Полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және республикалық маңызы бар автожолдарда ерекше мұқият болуға шақырды.