Жамбыл облысында мемлекет меншігіндегі көліктер жымқырылған

0
686

Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын автокөліктерді заңсыз есептен шығарған.


Жамбыл облысында мемлекет меншігіндегі көліктер жымқырылған

ERNUR.KZ. Жамбыл облысында мемлекеттік мүлік жымқырылған, деп жазады sputnik.kz.


Талас ауданындағы "Таза-Талас" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны автокөліктерді заңсыз есептен шығару арқылы жымқырып келген.


"Кәсіпорынның басшылығы мекемеге тиесілі нарықтық құны 22 млн теңге болатын 4 автокөлікті жалған құжат жасап, жарамсыз ретінде заңсыз есептен шығарған. Аукцион өткізбей, тікелей үшінші тұлғаларға сатқан", - дейді ведомство.

Талас ауданының прокуратурасы қылмыстық істі тіркеді.
Қазіргі таңда мекеме басшыларына Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы "Жымқыру" және 369-бабы 1-бөлігі "Қызмет бабында жалған құжат жасау" бойынша іс қозғалды.
Тергеп-тексеру барысында құны 17 млн теңгені құрайтын 3 автокөлік мемлекетке қайтарылды, төртінші автокөлікті қайтару жұмыстары жүріп жатыр. Іс сотқа жолданады.