Жамбыл облысында сегіз жасар қызды зорлаған педофил сотталды

0
111

Үкім заңды күшіне енген жоқ.


Жамбыл облысында сегіз жасар қызды зорлаған педофил сотталды

Сурет: Zakon.kz

ERNUR.KZ. Жамбыл облысында сегіз жасар қызды зорлаған педофилге қатысты сот үкімі шықты. Азғындыққа барған ол енді қалған ғұмырын темір тордың ар жағында өткізеді, деп жазады zakon.kz.

Қаршадай қызға жасалған қастандыққа қатысты сот отырысы жабық форматта өтті. Екінші сынып оқушысының зорланғаны туралы алғаш оның анасы арыз түсірген. Жұрттың жағасын ұстатқан жағдай Сарысу ауданында болған. Ойын баласына өз туысы азғындық жасағанын сараптама қорытындысы дәлелдеді. Сот шешімімен қылмыскер өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

"ҚР ҚК 121-бабы 4-бөлігінің санкциясы тек өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді. Сот үкімімен оған өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды", - деп мәлімдеді Жамбыл облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралалық соты.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.