Жамбыл облысында вакцина шығаратын зауыт қыркүйек айында іске қосылады

0
545

Кәсіпорында айына QazVac вакцинасының 2 млн дозасын шығару көзделген.


Жамбыл облысында вакцина шығаратын зауыт қыркүйек айында іске қосылады

ERNUR.KZ. Жамбыл облысында вакцина шығаратын зауыт қыркүйекте іске қосылады. Бұл туралы Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов айтты, деп жазады baq.kz.

Кәсіпорында айына QazVac вакцинасының 2 млн дозасын шығару көзделген. Алдымен отандастарымызды қамтамасыз етеді. Артылғанын экспорттайды. Қазірдің өзінде бірнеше мемлекет Қазақстанда әзірленген вакцинаны алуға дайын отыр.

Қазірдің өзінде 25 мыңды, 50 мыңды басқа мемлекеттерге беруге байланысты жағдай ойластырып жатырмыз. Көптеген мемлекеттер Қазақстаннан бұл бағытта көмек сұрап жатыр. Бүгін сұрап отырған Венгрия, Моңғолия, Ауғанстан, Түркия мемлекеттері бар. Олармен қарым-қатынастамыз, – деді ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов.