​Жамбыл облысында жеңіл көлік аударылып, үш адам зардап шекті

0
567

Жамбыл облысында Қордай ауданына қарасты Отар ауылының маңында (шамамен 1 шақырым жерде) жеңіл көлік аударылып, ірі жол-көлік оқиғасы болды.


​Жамбыл облысында жеңіл көлік аударылып, үш адам зардап шекті

Фото: ТЖМ

ERNUR.KZ. Төтенше жағдайлар министрлігі құтқарушылары жол апатынан зардап шеккендерге көмек көрсетті, деп жазады inform.kz.

Жамбыл облысында Қордай ауданына қарасты Отар ауылының маңында (шамамен 1 шақырым жерде) жеңіл көлік аударылып, ірі жол-көлік оқиғасы болды.

Оқиға орнына жедел жеткен ТЖД қызметкерлері бірден құтқару жұмыстарына кірісті. Көлік ішінде әртүрлі деңгейде жарақат алған үш адам болған. Өздігінен қозғала алмаған зардап шеккендердің бірі зембілге жатқызылып, жедел жәрдем көлігіне жеткізілді.

— Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында апатқа ұшыраған үш адам да көліктен шығарылып, әрі қарай ауруханаға жеткізу үшін медицина қызметкерлеріне тапсырылды, — делінген хабарламада.

Бұдан бұрын Солтүстік Қазақстанда жантүршігерлік жол апатынан көлік жүргізушісі көз жұмғаны анықталды.