Жамбыл облысындағы атыс: күдіктілер ұсталды

0
166

Жамбыл облысындағы Мойынқұм ауданында атыс шығарғандар ұсталды.


Жамбыл облысындағы атыс: күдіктілер ұсталды

Фото:depositphotos.com

ERNUR.KZ. Бұған дейін аудандық ауруханаға оқ жарақатымен төрт ер адам жеткізілгені туралы хабарланған болатын, деп жазады tengrinews.kz.

Облыстық Полиция департаменті мәліметінше, жедел-іздестіру шаралары барысында барлық күдікті ұсталған және олардың бәрі осы ауданның тұрғыны болып шықты.

"Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы Жамбыл облысы полиция департаменті басшылығының бақылауында", – делінген ведомство хабарламасында.

Полиция өкілдері ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты басқа мәліметтер жария етілмейтінін айтты.

Бұған дейін тәртіп сақшылары атыс дерегі бойынша ҚР ҚК-ның 24-бабы 3-бөлігі және 99-бабы 2-бөлігі ("Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен екі немесе одан да көп адамды өлтіруге оқталу") бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған болатын.

Айта кетейік, бұған дейін Жамбыл облысының денсаулық сақтау басқармасы жарақат алғандардың екеуі жансақтау бөлімінде, тағы екеуі хирургия бөлімінде ем қабылдап жатқанын айтты.