Жамбыл облысындағы сарбаздың өлімі: Күдіктінің кім екені анықталды

0
563

Күдікті бірге шақырылған сарбаздың әріптесі болып шықты.


Жамбыл облысындағы сарбаздың өлімі: Күдіктінің кім екені анықталды

фото: ғаламтордан

Әскери қызметші Әлібек Қалбайдың өлімі бойынша күдікті ұсталды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы мәлімдеді деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Күдікті бірге шақырылған сарбаздың әріптесі болып шықты. Ұстауға куәгердің айғақтары және зорлық-зомбылық өлім белгілері бар сот-медициналық сараптаманың нәтижелері негіз болды. Материалдар сотқа қамауға алуға бұлтартпау шарасын санкциялау үшін жіберілді.Күдіктінің іс-әрекеті адамның өліміне әкеп соққан жарғылық ережелерді бұзу ретінде сараланған (ҚР ҚК 440-бабы 4-бөлігі)», - делінген хабарламада.

Сотқа дейінгі іс жүргізу жалғасуда.

Еске сала кетейік, Жамбыл облысы Қордай ауданындағы №30212 әскери бөлмішесінде борышын өтеп жүрген 18 жастағы сарбаз мерт болған еді.

Президент әскерде қаза тапқан Әлібек Қалбайдың отбасына көңіл айтып, істің себебін анықтауды тапсырды.