Бірнеше жүк көлігі жолдың тайғақтығы салдарынан аударылған.
ERNUR.KZ. Батыс Еуропа – Батыс Қытай автожолының Жамбыл облысы аумағындағы учаскесінде бірден бірнеше жол-көлік апаты болды, деп жазады ktk.kz
Жамбыл облысы Полиция департаментінен мәлім еткендей, көктайғақ пен жолдың нашар көрінуінен жол апаттарына 7 көлік түскен. Бірнеше жүк көлігі жолдың тайғақтығы салдарынан аударылған.
«Жол-көлік апаттарында зардап шеккен адамдар жоқ. Оқиғалар тексеріліп жатыр», - деді ведомстводан.
Айта кетейік, Жамбыл облысында ауа райының бұзылуы байқалуда – қар, көктайғақ және тұман. Қардың мол түсуіне байланысты полицейлер өңір аумағында күшейтілген қызмет режиміне көшті.