Ал жолаушылар пойызы өз кестесі бойынша екі минутқа кешігіп шықты.
ERNUR.KZ. Жамбыл облысында бір жігіт жүріп бара жатқан пойызды тоқтатуға тырысты, деп жазады Zakon.kz.
- Қызылорда станциясындағы жол полициясы басқармасына "Қызылорда-Нұр-Сұлтан" жолаушылар пойызы локомотивінің машинисі төтенше жағдайға арналған тежегішті басып, пойызды тоқтатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Пойыз жолына адам шығып алған болып шықты. Тексере келе, оның пойызды өз күшімен тоқтатпақ болған Жамбыл облысының 38 жастағы тұрғыны екені белгілі болды, - деп хабарлайды Көлік полициясы департаментінің баспасөз қызметі.
Медициналық сараптама нәтижелері құқық бұзушының орташа дәрежеде мас күйінде болғанын анықтады. Ұсталған адамға қатысты бірден екі бап бойынша хаттама толтырылды. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 559-бабы, 5-бөлігі, яғни "Теміржол жолдарымен белгіленбеген жерлерден өту" және "Мас күйінде қоғамдық жерде көріну" бойынша оған бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде (12 625 теңге) айыппұл салынды.
Ал жолаушылар пойызы өз кестесі бойынша екі минутқа кешігіп шықты.
Жыл басынан бері көлік полициясы қызметкерлері рұқсат етілмеген теміржол өткелдерінен өткені үшін 20 мыңнан астам адамды әкімшілік жауапкершілікке тартқан.