ERNUR.KZ. Жаңа жыл түні Алматыдағы дәмханалардың бірінде университетте оқитын шетелдік студенттер арасында жанжал шығып, оның соңы жаппай төбелеске ұласты, деп жазады Stan.kz.
Әлеуметтік желіде тараған видеодан бірнеше жігіттің бір-бірін ұрып жатқанын көруге болады. Олар бір-бірін орындық, шоқпар, тіпті үстелмен тоқпақтаған.
Алматы полиция департаменті төбелеске қатысқандардың бәрі анықталып, Медеу аудандық полиция бөліміне жеткізілгенін мәлімдеді.
“Олардың әрқайсысының әрекетіне құқықтық баға беріледі. Бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның басқа да мән-жайы анықталып жатыр", – деді ведомстводан.
Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сенсек, төбелеске қатысқандардың бірінің басы жарылып, оны оқиға орнынан жедел жәрдем алып кеткен.