Жаңаөзенде үш күннен бері жоғалып кеткен қыз аман табылды

0
591

22 жастағы бойжеткен әкесі мен інісі түнгі кезектегі жұмысына кеткенде хат жазып қалдырып, кейін белгісіз жаққа кетіп қалған.


Жаңаөзенде үш күннен бері жоғалып кеткен қыз аман табылды

ERNUR.KZ. Жаңаөзенде үш күннен бері жоғалып кеткен қыз үйіне аман оралды, деп жазады exk.kz.

7 қазаннан бері хабар-ошарсыз жоғалған Әйгерім Ыланбаева үйіне оралды. Бұл туралы оның нағашы әпкесі мәлімдеген.

Үш күннен бері хабарсыз кеткен сіңліміз аман-есен табылды. Үш күн бойы Жаңаөзендегі 2 ықшамаудандағы үйлердің бірінде болыпты. Күнделікті күйбең тіршіліктен шаршаған. Сол үшін осындай қадамға барыпты, деді Айдана Нұрадинова.

Үш күн бойы ізім-қайым жоғалған Әйгерім Ыланбаеваны полиция іздеуге алған. Кейін жақындары оның соңғы кездері отбасында қиындықтарға тап болғанын айтқан.

Әйгерім Ыланбаева бұрын балабақшада жұмыс істеген. 22 жастағы бойжеткен әкесі мен інісі түнгі кезектегі жұмысына кеткенде хат жазып қалдырып, кейін белгісіз жаққа кетіп қалған.