Жәндіктерді улаған: Ақтауда көршісі мен баласының өліміне кінәлі тұрғын сотталды

0
451

Қайғылы оқиға осы жылдың ақпан айында болған еді.


Жәндіктерді улаған: Ақтауда көршісі мен баласының өліміне кінәлі тұрғын сотталды

ERNUR.KZ. Көршісі мен оның он айлық баласының өліміне кінәлі деп танылған тұрғын алты жылға бас бостандығынан шектелді, деп жазады ҚазАқпарат.

Маңғыстау облыстық сотының судьясы екі адамның өліміне жәндіктерді улайтын препарат себеп болғандығы туралы шешім шығарған.

Айта кетейік, қайғылы оқиға осы жылдың ақпан айында болды. Әйел пәтеріндегі жәндіктерді қауіптілігі жоғары «Квикфос» препаратымен улаған. Бірақ көршілерін бұл туралы ескертпеген. Химиялық заттар көрші пәтерлерге таралған. Алты адам ауруханаға түсіп, екеуі қайтыс болды.

Прокурор тұрғынды 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Ал қорғаушы шартты түрде бас бостандығын шектеу жазасын тағайындауды өтінді.

«Сот жасалған ауыр қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін ескере отырып, сотталушыға қауіпсіздігі барынша төмен қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтей отырып, 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады. Үкім заңды күшіне енген жоқ», - деді Ақтау сотының баспасөз хатшысы Гаухар Нұрханова.