Жасөспірімді көлікте зорламақ болған: полиция күдіктінің өліміне қатысты ақпаратқа жауап берді

0
549

Әлеуметтік желіде 6 желтоқсанда қызды зорламақ болған жерінде ұсталған ер адам ішкі ағзадан қан кетуі салдарынан камерада қайтыс болғаны туралы ақпарат пайда болды.


Жасөспірімді көлікте зорламақ болған: полиция күдіктінің өліміне қатысты ақпаратқа жауап берді

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде Атырауда 13 жастағы қызды зорламақ болған күдіктінің өлімі туралы ақпарат пайда болды. Полицейлер хабарламаға қатысты пікір білдірді, деп жазады tengrinews.kz.

Әлеуметтік желіде 6 желтоқсанда қызды зорламақ болған жерінде ұсталған ер адам ішкі ағзадан қан кетуі салдарынан камерада қайтыс болғаны туралы ақпарат пайда болды.

Атырау облысының Полиция департаменті бұл ақпаратты жоққа шығарды.

"6 желтоқсанда жасөспірімді зорламақ болған жерінде ұсталған адамның қамауда қайтыс болғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Әлеуметтік желі қолданушылары Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабы "Көрінеу жалған ақпарат тарату" бойынша жауапты екенін хабарлаймыз. Сондай-ақ, факт бойынша жалған ақпарат таратқан тұлғаларды анықтау жүргізіліп жатыр", - деді полиция өкілдері.

Еске салайық, 6 желтоқсанда Атырауда ер адам ішінде 13 жастағы қыз отырған көлікті ұрлап кеткен болатын. Ол оны зорламақ болған кезде ұсталды.