Балмұздақ фестивалі оңтүстік астанада үшінші рет қатарынан ұйымдастырылып отыр.
Алматыда 14-15 шілдеде орталық мәдениет және демалыс паркінде "БалмұзDay. Шығыс ертегісі" атты балмұздақ мерекесі өтеді, деп хабарлайды "Manifestum" коммуникация агенттігі. Бұл туралы Today.kz сайтына сілтеме жасап ERNUR.KZ. сайты хабарлайды.
Балмұздақ фестивалі оңтүстік астанада үшінші рет қатарынан ұйымдастырылып отыр.
Екі күн бойы алматылықтар мен қала қонақтары балмұздақтың түр-түрінен дәм тата алады: ыстық, био балмұздақ, азотты балмұздақ сияқты тәттінің дәмін көруге мүмкіндігіңіз бар.
Фестиваль қонақтарын ауқымды екі күндік шоу күтеді.
Бірінші күні қонақтар Алматыдағы балалардың вокалды және би ұжымдарының өнерін тамашалай алады. Фестивальдің әр қатысушысы бағалы сыйлықтар ұтысына қатысады және үлкен әдемі флешмобтың бір мүшесі болады.
Оған 3-16 жастағы балалар мен олардың ата-аналары қатыса алады. Қатысушылар арасында Грузияға жолдама мен халықаралық дарындылар байқауына жүлде ойнатылады.
Фестивальге қалалық балалар үйінің тәрбиеленушілері шақырылды. Мереке туралы толық ақпаратты мына сайттан біле аласыз: www.balmuzdayfest.kz.