Әншінің айтуынша, көп аккаунт оқырман жинау үшін жалған ақпарат таратады.
Фото: видеодан скриншот
ERNUR.KZ. Әнші Жазира Байырбекова оның атын жамылып жалған ақпарат тарататын аккаунттарды сынға алды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
«Мынау не сұмдық, адамдар? Оқырман жинау үшін жалған ақпарат тарататындарды не істейміз?! Бірінші сурет ештеңе емес, екінші суреттегі жазуды айтсаңызшы, масқара, ұят-ай. Халық соларға сеніп бізді даттап, сөгіп, қарғап жатқандары жаныма батады. Осындай парақшалардың өтірік ақпараттарына шынымен сенесіздер ме?», - дейді ол.
Байырбекованың атын жамылғандар оны аңыз адам Бибігүл Төлегеноваға қарсы арандатпақ болған көрінеді.