Жедел жәрдем қызметтері шақырылған үйлерде КВИ бойынша тестті қашан ала бастайды

0
683

Жедел жәрдем бригадалары шақырылған жерге барып, тест ала бастайтынын министр осыдан екі күн бұрын хабарлаған болатын.


Жедел жәрдем қызметтері шақырылған үйлерде КВИ бойынша тестті қашан ала бастайды

ERNUR.KZ. Жедел жәрдем қызметтері шақырылған үйлерде КВИ бойынша тест алуды осы аптада бастайды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Қазіргі уақытта кейбір өңірлер мұндай форматта жұмыс істей бастады. Алайда толыққанды шешім осы аптада ғана қабылданған болатын. Тиісті нормативті құжатты біз қазір дайындап жатырмыз. Жұмыстың бұл форматын трансформациялағымыз келеді. Өңірлер аталған бағыттағы жұмысты осы аптада бастайды. Алайда келесі және одан арғы апталарда бұл жұмыстың белсенділігі артады. Алайда бұл ретте тест тек анықтама немесе КВи белгісі байқалған жағдайда ғана алынады. Жедел жәрдем ғана емес, бұл жұмысты мобильді бригадалар да жүргізеді. Олар да азаматтардың үйіне барып, медициналық көмек пен кеңес береді», - деді Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетсек, жедел жәрдем бригадалары шақырылған жерге барып, тест ала бастайтынын министр осыдан екі күн бұрын хабарлаған болатын. Осылайша әр өңірде COVID-2019 бойынша халықты тестпен қамту үшін эпидемиологиялық ахуалға байланысты талаптарды айқындау көзделіп отыр.