«Жеке деректеріңді таратамын»: Өскемен тұрғынынан 6 млн теңге бопсалаған әйел ұсталды

0
1 049

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.


«Жеке деректеріңді таратамын»: Өскемен тұрғынынан 6 млн теңге бопсалаған әйел ұсталды

ERNUR.KZ. Өскемен қаласының тұрғынынан 6 млн теңге бопсалаған әйелді полицейлер қолға түсірді, деп жазады kaz.inform.kz.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары 26 жастағы әйелді ақша алып жатқан жерінен ұстаған.

«Белгілі болғандай, әйел адам жәбірленушімен бұрын таныс болған. Оны жеке басына қатысты ақпаратты таратамын деп қорқытып, 6 000 000 теңге талап еткен. Ер адам полицияға жүгінді. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері бопсалаушыны қолға түсірді», - делінген ақпаратта.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Әйел уақытша ұстау изоляторына қамалды. Барлық мән-жай анықталуда.