Желіде болашақ ЖҚАЖ жауынгерлерінің жаттығуы түсірілген видео пайда болды

0
793

Олар тауда 45 шақырым қашықтықты жүріп өткен.


Желіде болашақ ЖҚАЖ жауынгерлерінің жаттығуы түсірілген видео пайда болды

ERNUR.KZ. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Telegram-арнасында болашақ ЖҚАЖ жауынгерлері дайындықтан қалай өтетіні көрсетілген видеоны бөлісті, деп жазады tengrinews.kz.

Видеода ҚР ІІМ Алматы академиясының алғашқы кәсіби даярлығының студенттері. Олар тауда 45 шақырым қашықтықты жүріп өткен.

"Болашақ жауынгерлер ҚР ІІМ Алматы академиясында ел Президентінің жауынгерлік дайындық деңгейін арттыру туралы тапсырмасын іске асыру шеңберінде оқу орны әзірлеген арнайы бөлімшелердің бірыңғай арнайы бағдарламасы бойынша бастапқы даярлық курстарынан өтіп жатыр", - делінген хабарламада.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, сабақтың тақырыбы - таудағы дайындық. Жаяу жүру бағыты - Іле Алатауы. Жауынгерлер су өткелдерін, жартасты жерлер мен көптеген басқа да кедергілерді еңсерді.