Желіде СҚО-да блок бекеттер орнатылғаны туралы жалған ақпарат тарады

0
493

Облыста 5 тамыздан бастап аймақтан шектеу шаралары күшейтілді.


Желіде СҚО-да блок бекеттер орнатылғаны туралы жалған ақпарат тарады

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында санитарлық дәрігерлер аймақтың карантинге жабылуы туралы ақпаратты теріске шығарды, деп жазады ҚазАқпарат.

Облыс тұрғындары әлеуметтік желі мен мессенджерлерде аймақта катаң карантин шаралары енгізіліп, 9 тамыздан бастап блок бекеттер орнатылатыны туралы ақпарат таратып жатыр. Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті бұл ақпаратты фейк деп атап, солтүстікқазақстандықтарды арандатушылыққа бой алдырмауға үндеді.

«Әлеуметтік желілерде таратылып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Тек ресми дереккөздерге сүйенуді сұраймыз. Көрінеу жалған ақпаратты таратқандар жауапкершілікке тартылатынын еске саламыз», - деп тап өтті ведомствоның баспасөз қызметінен.

Еске сала кетсек, 5 тамыздан бастап аймақтан шектеу шаралары күшейтілді. Олар негізінен Ashyq жобасына қатыспайтын нысандарға қатысты.