Желідегі видео: Ақтауда әйелін ұрған еркекті полицейлер тауып алды

0
184


Желідегі видео: Ақтауда әйелін ұрған еркекті полицейлер тауып алды

Сурет: pexels

Ақтаудағы ерлі-зайыптылар арасындағы болған жанжалдың видеосы желіде тарады. Қалалық полиция басқармасы бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Lada.kz басылымының мәліметінше, отбасылық жанжал 22 ақпанға қараған түні 12-ықшам ауданда болған.

Видеода ер адам жұбайына қол жұмсайды. Полиция қоғамдық тәртіпті бұзушыларды анықтады. Полицияда ерлі-зайыптылар өз араларында түсініспеушілік болғанын айтты. Олар видеоның интернетке қалай түскенін білмейді.

"Менің күйеуіме қатысты ешқандай шағым жоқ", – деді келіншек полицияда.