Батыс Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің тергеушісі Алматы әуежайында есірткімен ұсталды,-деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі uralskweek.kz-ке сілтеме жасап.
Батыс Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің тергеушісі Алматы әуежайында есірткімен ұсталды,-деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі uralskweek.kz-ке сілтеме жасап.
18 наурыз күні Алматы қаласының полиция қызметі темекі қорабына жасырған есірткімен өтпек болған Ғабит Нұрахановты қолға түсірді. Оның қалтасындағы қорапта тұрған бір дана темекі күдік тудырған. Жедел-тергеу кезінде темекі тәркіленіп, алынып арнайы тексеруге жіберіледі. Нәтижесінде оның құрамында анашаға тән иісі бар жасыл түсті шөп анықталған.
Ғабит Нұрахановтың ШығысҚазақстан облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюро Департаментінде қызмет атқаратындығын аталмыш департаменттің баспасөз-хатшысы Жанар Қарасаева растағанымен бұл оқиғаға қатысты пікір айтқысы келмеді.
Алматы әуежай прокуратурасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі тергеушісінің есірткімен ұсталғанын «Мой город» деп аталатын жергілікті порталға мәлім еткен.
Осы оқиға салдарынан халықаралық Алматы әуежайынан «Air Astana» әуекомпаниясына тиесілі екі рейс 15 минутқа кешігіп ұшқан.