Оған симптоматикалық емдеу түрі жасалады.
ERNUR.KZ. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында медицина ғылымдарының докторы, жоғары санатты дәрігер Раушан Қарабаева айтты, деп жазады baq.kz.
Егер науқастан жеңіл деңгейлі вирусты пневмония этиологиясы анықталса, бұл дерт үйде емделеді. Оған симптоматикалық емдеу түрі жасалады, яғни дене қызуын түсіру, сұйықтық ішу және дәрумендік терапия. Егер пневмония орташа немесе ауыр деңгейлі болса, науқас стационарға жатқызылып, вирусқа қарсы препараттар мен қажет болған жағдайда антибактериялды, антитромбты препараттар қолданылады, - деді ол.
Дәрігер ұжымдық иммунитет деңгейі қалай анықталатынын айтты.
Ұжымдық иммунитетті анықтау үшін белгілі бір қала, облыстың жергілікті халқына скрининг жасап, антидененің бар-жоғына қатысты зерттеу жүргізу қажет. Мұндай зерттеулер Нұр-Сұлтан қаласында жүргізілген жоқ. Тек тиісті мәліметтерге сүйенер болсақ, коронавирус инфекциясы кезіндегі ұжымдық иммунитет вируспен ауырып тұрғандар немесе вакцина алған адамдар саны 60% болғанда ғана қалыптасады, – деді ол.
Айта кетейік, ОКҚ өткен брифинг "Амбулаториялық жағдайда короновирустық инфекциясы бар науқастарға медициналық көмек көрсету" тақырыбына арналды.