ЖЭО-да төтенше жағдай: Дәнекерлеу кезінде жұмысшы уланып қалды

0
96

​Зардап шеккен азамат медициналық мекемеге жеткізілді.


ЖЭО-да төтенше жағдай: Дәнекерлеу кезінде жұмысшы уланып қалды

ERNUR.KZ. Ақмола облысындағы Степногорск ЖЭО-да дәнекерлеу жұмыстары барысында мердігер ұйымның қызметкері улы буға уланып, ауруханаға жеткізілді, деп жазады baq.kz.

Оқиға 22 ақпанда болған. Бұл ақпаратты nayza_kokshe парақшасы таратты. Зардап шеккен азамат медициналық мекемеге жеткізілді.

Кәсіпорын өкілдерінің мәліметінше, ер адам ЖЭО қызметкері емес, нысанда жұмыс жүргізген мердігер ұйымның өкілі болған. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мердігер ұйым қызметкерлерінің еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелері олардың тікелей жұмыс берушісінің жауапкершілігіне жатады.