Жеті жасар Малика Зиядин шахматтан әлем чемпионы атанды

0
609

Мұндай оқиға Қазақстан шахмат тарихында алғаш рет болып отыр.


Жеті жасар Малика Зиядин шахматтан әлем чемпионы атанды

ERNUR.KZ. 10-19 маусым аралығында Панама астанасында шахматтан оқушылар арасындағы әлем чемпионаты өтті. Жеті жасар Малика Зиядин чемпион атанды, деп жазады zakon.kz.

Жансая Әбдімәлік атындағы шахмат академиясында білім алып жатқан жас шахматшы бірден екі атақты жеңіп алды: чемпион және жеті жасқа дейінгі шахматтан әлем чемпионы. Мұндай оқиға Қазақстан шахмат тарихында алғаш рет болып отыр.

Турнирге барлығы 36 жас шахматшы қатысып, әр спортшы тоғыз ойыннан ойнады. Чемпионат нәтижесінде Малика барлық ойында жеңіске жетіп, ең көп ұпай жинады – 9 ұпай. Малика өзіне ең жақын қарсыласы – АҚШ-тан келген Гоэл Рабенді 2,5 ұпай озып кетті.

"Маликаның жеңісі – бұрын-соңды болмаған оқиға. Қазақстан тарихында алғаш рет. Мен Маликаны, ата-аналарды және жаттықтырушыларды осындай керемет жетістігімен құттықтағым келеді! Жерлестерімнің әр жеңісі үшін қуанамын және осыдан соң шахматты одан әрі дамытып, елімізді көрсеткім келеді. Себебі бізде потенциал бар", - деді Қазақ шахматшысы, халықаралық гроссмейстер Жансая Әбдімәлік.

Жарыстар екі секцияда (ұлдар мен қыздар) және алты жас санатында (7, 9, 11, 13, 15, 17 жасқа дейін) өтті. Чемпионатқа барлығы 600-ге жуық шахматшы қатысты.

"Жыл сайын Қазақстан шахмат федерациясы елімізде шахматты дамытуға бар күш-жігерін салып келеді. Маликаның жеңісі – соның бір мысалы. Мен өскелең ұрпақты мақтан тұтамын және Қазақстан шахмат федерациясының президенті ретінде осы спорт түрін дамыту және танымал ету жөніндегі бастамаларды қолдауға дайынмын", - деді Қазақстан шахмат федерациясының президенті Ғалым Хұсайынов.