Директорге елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынуы мүмкін.
ERNUR.KZ. Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Жетібай ауылында болған оқыс оқиғадан жарақат алған оқушы үшін мектеп директоры жауапқа тартылады, деп жазады ҚазАқпарат.
Директорге ҚР Әкімшілік Кодексінің 409-бабы ( Қазақстан Республикасының білім беру, дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамасын бұзу) бойынша xаттама толтырылған.
Полиция департаментінің xабарлауынша, оқиға мектеп аумағында болғандықтан басшылық жауапқа тартылады. Елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынуы мүмкін. Материал жергілікті әкімдік пен облыстық білім басқармасына жіберіледі.
Айта кетейік, 12 жасар бала футбол ойнап жүрген кезінде үстіне қақпа құлап, бас сүйегі сынған болатын.