Жетісу облысында есекке соғылған көлік жүргізушісі қаза тапты

0
473

Жол-көлік оқиғасы 6 қазан күні кешке Батыс Қытай-Батыс Еуропа тасжолының 275-шақырымында болған.


Жетісу облысында есекке соғылған көлік жүргізушісі қаза тапты

ERNUR.KZ. Жетісу облысында жол үстіне шығып кеткен есектің кесірінен қайғылы жол апаты болып, бір адам қаза тапты, деп жазады Azattyq Ruhy.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жол-көлік оқиғасы 6 қазан күні кешке Батыс Қытай-Батыс Еуропа тасжолының 275-шақырымында болған.

«Audi A-4 көлігі жолға шығып кеткен есекке соғылып, соның салдарынан 21 жастағы жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. Сондай-ақ екі адам ауруханаға жеткізілді», - ЖПҚБ ППБ қызметінің инспекторы Бауыржан Бейсебаев.

Тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша жүргізіліп жатыр. Жануардың иесі әлі анықталған жоқ.