Өрттің неден шыққаны әзірге белгісіз.
Ашық дереккөз
ERNUR.KZ. Жетісу облысының Бақтыбай ауылында үйден шыққан өрт салдарынан үш бала қаза тапты, деп жазады Ulysmedia.kz.
Қайғылы жағдай 25 қыркүйекте таңертең болған.
Өрт жер үйден шыққан. Тілсіз жау шарпыған кезде анасы 13 жастағы баласымен бірге үйден шығып үлгерген. Ал тағы үш бала үйдің ішінде қалып қойған.
Оқиға орнына жеткен құтқарушылар өртті сөндіру барысында бір, алты және сегіз жастағы балалардың денесін тапқан.
Өрттің неден шыққаны әзірге белгісіз.
Мамандар оқиғаның барлық мән-жайын, соның ішінде өрттің қай жерден тұтанғанын және үйдің өртке дейінгі жағдайын анықтап жатыр.
Еске салайық, бұған дейін Батыс Қазақстан облысында қызметтік міндетін атқару кезінде өрт сөндіру бөлімінің взвод командирі Миршат Халиуллин қаза тапқаны хабарланған еді.
Құтқарушы өртті сөндіру кезінде ауыр жарақат алып, көз жұмған.


