Жетісу облысында жантүршігерлік жол апатынан бес адам опат болды

0
99

Полиция қаза тапқандардың жақындары мен туыстарына қайғыра көңіл айтты.


Жетісу облысында жантүршігерлік жол апатынан бес адам опат болды

ERNUR.KZ. 24 қаңтар күні шамамен сағат 15:30-да Жетісу облысы Ақсу ауданында "Көшкентал — Қапал" автожолының 4-шақырымында екі автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды, деп жазады Zakon.kz.


Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Toyota Avalon және Toyota Camry маркалы автокөліктер соқтығысқан.

Оқиға орнына жедел түрде тергеу-жедел тобы шығып, алғашқы тергеу әрекеттері жүргізілуп жатыр.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 5 адам қаза тапты. Әртүрлі дәрежедегі дене жарақатын алған 2 жолаушы медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді.

"Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиғаның себептері мен мән-жайларын анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, барлық нұсқалар қарастырылып жатыр. Тергеп-тексеру барысы Департамент басшылығының бақылауында", — делінген хабарламада.

Полиция қаза тапқандардың жақындары мен туыстарына қайғыра көңіл айтты.