Жетісу облысында жоғалған балықшы табылды

0
440

Оған медициналық көмек қажет болған жоқ.


Жетісу облысында жоғалған балықшы табылды

ERNUR.KZ. Жетісу облысында құтқарушылары жоғалған балықшыны тапты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Облыстық ТЖД мәліметінше, кеше Жетісу облысы жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жоғалып кеткен балықшыны Балқаш көлі Борлы шығанағынан тапқан. Күшейген жел оны қайығымен қоса қамыс арасына тықсырып тастапты.

Құтқарушылар балықшыны Лепсі ауылына жеткізді. Оған медициналық көмек қажет болған жоқ.

Айта кетейік, 20 сәуірде сағат 11:00 шамасында 1979 жылы туған ер адам балық аулауға шығып, қайтып оралмағаны туралы хабарлама келіп түскен. Балықшының орналасқан жері туралы бір тәуліктен аса ешқандай ақпарат болмаған, телефон қоңырауларына жауап бермеді.

Іздеуге жедел-іздестіру тобы жұмылдырылып, қайықтар мен арнайы техникалар пайдаланылды.