Жетісуда фельдшерлер бір отбасыны өрттен құтқарып қалды

0
160

Адамдарды құтқарғаннан кейін бірнеше минуттан кейін үй толығымен өртеніп кетті.


Жетісуда фельдшерлер бір отбасыны өрттен құтқарып қалды

Фото: видеодан алынған скрин

ERNUR.KZ. Ескелді ауданының №6/6 жедел жәрдем бригадасы шақыртудан қайтып келе жатқанда, Текелі жақтағы тас жолда жанып жатқан үйді байқады, деп жазады inform.kz.

Денсаулық сақтау министрлігі мәліметінше, Фельдшерлер Ғабит Ерғажы, Дамира Рахимова және жүргізуші Мұрат Сәтеков бірден іс-қимылға көшкен. Олар тоқтап, сирена мен жарық сигналын қосты.

Үй жабық болды, ішінен ешқандай тіршілік белгілері байқалмады. Бірақ бригада оған қарамастан, ұйықтап жатқан тұрғындарды оятып, барлығына далаға шығуға көмектескенше терезелер мен есіктерді ұрғылады.
Үйде 5 ересек адам мен 2 бала, оның ішінде омыраудағы бала бар екен. Адамдар құжаттарын ғана алып үлгеріп, жалын құшқан үйден қашып шықты.
Адамдарды құтқарғаннан кейін бірнеше минуттан кейін үй толығымен өртеніп кетті.