Жезқазған қаласының әкімі қызметінен кетті

0
736

Әбсаттаров Жезқазған қаласының әкімі қызметіне 2020 жылы тамыз айында тағайындалған болатын.


Жезқазған қаласының әкімі қызметінен кетті

ERNUR.KZ. Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Әбсаттаров қызметінен кетті, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Бүгін жаңадан құрылған облыстың әкімі қала басшысына алғыс айтып, құрметпен шығарып салды.
"Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Әбсаттаровты басқа жұмысқа ауысуына байланысты шығарып салу рәсімі өтті", - делінген ресми хабарламада.
Айта кетері, Қайрат Әбсаттаров Жезқазған қаласының әкімі қызметіне 2020 жылы тамыз айында тағайындалған болатын.

Әкім қызметінен не үшін кетті

Экс-әкім әлеуметтік желіде жазба жазып, қызметінен кетудің себебін түсіндірді.
"Облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлына мені өзінің орынбасары лауазымына ұсынды, мен өзге жоспарым бар екенін айтып, алғыс білдірдім. Алдымда ертеден ниет қылған жеке жоспарларым, уақыт еншісінде кезегін күтіп іске асырам деп жүрген жобаларым бар", - дейді Әбсаттаров.
Оның сөзіне қарағанда, Жезқазғанның құлдырау шегіне жеткені сонша, күйзеліс қарқынын тежеудің өзі көп күшті қажет етті. Осы уақыт аралығында атқарылған жұмыс аз емес.
"Бірақ, “көпжылдық көң бір күнде жібімес”, дегендей, шешілуін күтіп тұрған мәселелер әлі де шаш етектен. Олар қомақты қаржыны да, облыс деңгейіндегі жауапты шешімді де, жүйесіздікті реттеуді де қажет етеді. Енді қаламыз облыс орталығы болды, жаңа мүмкіндіктер де пайда болады. Осылайша туған жеріме мені дәм-тұз жетелеп әкелген үлкен арман-мақсатымның барынша орындалатынына көзім жетеді", - деп жазды қаланың бұрынғы әкімі.