Жезқазғанда екі адам автобус салонында әскери адамдарды пышақтап тастады

0
660

Олардан заттай дәлел ретінде пышақ тәркіленді.


Жезқазғанда екі адам автобус салонында әскери адамдарды пышақтап тастады

ERNUR.KZ. Жезқазған қаласында екі адам автобусты қуып жетіп, салондағы әскери қызметкерлерге пышақпен шабуыл жасады, деп жазады Skifnews.kz.

29 ақпанда «Хюндай» автокөлігімен белгісіз екі азамат Жезқазған қаласынан Сәтпаевқа бет алған маршруттық автобусты «Кеңгір кенті» аялдамасында тоқтатып, салон ішіне кіріп, жанжал шығарған. Қоғамдық көлікте бұзақылар ҚР ІІМ Ұлттық гвардиясының екі әскери қызметкеріне пышақ салған. Пышақ жарақатын алған әскери қызметшілер ауруханаға жеткізілді, бірақ қажетті көмек көрсетілген соң үйіне жіберілген.

«Жедел-іздестіру барысында Жезқазған қаласы ПБ полиция қызметкерлері Сәтпаев қаласының 32-37 жастағы екі тұрғынын ұстады. Олардан заттай дәлел ретінде пышақ тәркіленді. Аталмыш дерек бойынша ҚК 293-бабы 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Куәгерлердің айтуынша, әскери қызметшілер автобустағы қызды мас бұзақыдан қорғап, оны автобустан шығарып жіберген. Соған ерегіскен ол пышақ алып, досын көмекке шақырып, қоғамды көлікті қуып жетіп, автобус салонында әскерилерге шабуыл жасаған.