Жезқазғанда қоқыс жәшігінен ер адамның бөлшектенген денесі табылды

0
99

Алдын ала болжам бойынша, марқұм 40 жаста.


Жезқазғанда қоқыс жәшігінен ер адамның бөлшектенген денесі табылды

Фото: Zakon.kz

ERNUR.KZ. Жезқазғанда қоқыс жәшіктерінің бірінен 40 жастағы ер адамның бөлшектелген денесі табылды, деп жазады zakon.kz.

Қорқынышты олжаны жергілікті тұрғындар тауып алған. Олардың айтуынша, марқұмның аяқтары бөлшектенген.

Мәйіт 2025 жылдың 30 қаңтарында табылды. Қазір желіде тарап жатқан жантүршігерлік оқиғаның кадрларын сол маңдағы тұрғындардың бірі суретке түсіріп үлгерген.

"Марқұмның артында жұбайы мен балалары қалды. Біздің қаламыз кішкентай ғой, ешкім олардың сезімдері туралы ойлап жатпады, оларға онсызда қиын",- деді Байқоңыров көшесінің тұрғындарының бірі.

Алдын ала болжам бойынша, 40 жастағы ер адам досымен бірге ішімдік ішкен.

"Марқұмның танысы бірге ішкендерін айтады және ол жанжал кезінде оған пышақ жарақатын салған. Қылмысты жасыру үшін денені бөлшектеп, қоқысқа тастады. Оған танысы көмектескен көрінеді",- деді жергілікті тұрғынның бірі.

Ұлытау облысы ПД баспасөз қызметі ақпаратты растады.

"30 қаңтарда Байқоңыров көшесіндегі үйде кісі өлтіру оқиғасы орын алды. Марқұм мен күдіктілер таныс болды, қылмыс қақтығыс кезінде жасалды. Полиция қызметкерлері Жезқазғанның екі тұрғынын анықтап, ұстады. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасуда", – деп хабарлады ведомство.