Оқиға сауда үйінің автотұрағында болған.
ERNUR.KZ. Жезқазғанда автокөлік жолда ойнап отырған 3 жасар баланы басып кеткен, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Egovpress телеграм каналында жарияланған жантүршігерлік видеода кішкентай баланы биік, жеңіл көлік үстінен басып өтеді. Хабарламада жүргізушінің баланы байқамай қалғаны айтылады.
Оқиға Жезқазғандағы сауда үйінің автотұрағында болған.
«Баланың денсаулық жағдайы тұрақты. Кеуде қуысы зақымданған, оң жақ өкпесі мен оң иығы жарақаттанған. 11 шілдеде облыстық көпсалалы аурухананың балалар бөлімшесіне ауыстырылды», - деп жауап берді денсаулық сақтау басқармасынан.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, аталған фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, қажетті сараптамалар тағайындалды.