Өрт еңбек сабағы кабинетінде басталған.
ERNUR.KZ. Жезқазғанда №3 мектепте еңбек кабинетінде өрт шықты, 640 адамды білім ордасынан қауіпсіз жерге шығаруға тура келді, деп жазады sputniknews.kz.
Оның айтуынша, өрт туралы хабарлама "101" қызметіне сейсенбі сағат 11.39-да түскен.
"Оқиға орнына мамандар келген кезде кабинеттегі құрылғылар, жиһаз, ағаш еден мен терезелер өртеніп жатты. Өрт толығымен сағат 12:10-да өшірілді. Оның аумағы 60 шаршы метрді құрады. Өрт сөндірушілер келмес бұрын мектеп қызметкерлері 640 адамды, оның ішінде 570 оқушыны қауіпсіз жерге көшірді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ", - деді Нұрахметов.
Алдын ала мәліметке сәйкес, өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуынан тұтануы мүмкін.
Қызыл жалынды сөндіруге Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаментінің 15 маманы мен 4 техника жұмылдырылған.