Жезқазғанда жұмысшыны топырақ басып қайтыс болды

0
116

Жазатайым оқиға коммуналдық жөндеу жүргізу кезінде болған.


Жезқазғанда жұмысшыны топырақ басып қайтыс болды

фото: Sergek Group

ERNUR.KZ. Жезқазған көшесінде коммуналдық жөндеу жүргізу кезінде жұмысшы қайтыс болды, деп жазады sputnik.kz.
Жазатайым оқиға 8 қазан сағат 14:00 шамасында болған. Жұмысты мердігер "Бектан" серіктестігі атқарған.
"Оқыс оқиға салдарынан 50 жастағы жұмысшы қайтыс болды. Кәріз желілерін төсеу бойынша жер жұмыстарын орындау кезінде шамамен 2 метрлік топырақ опырылып кеткен. Жұмысшы үйінді астында қалған ", - дейді Ұлытау облыстық еңбек инспекциясы.
Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметі жұмысшы қайтыс болды деген қорытынды шығарды.
"Жедел жәрдем станциясына 112 - авариялық-құтқару қызметінен адамның траншеяға құлағаны туралы шақыру түсті. Жедел жәрдем сол жерде қайтыс болды деп мәлімдеді", - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Полиция "адам өліміне әкеп соқтырған еңбекті қорғау талаптарын бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғады.