Жоғалған балықшылардың денесі Каспий теңізінен табылды

0
222

Марқұмдар 1981 және 1991 жылы туған ер адамдар.


Жоғалған балықшылардың денесі Каспий теңізінен табылды

Фото: canva.com

ERNUR.KZ. Құрманғазы ауданында Каспий теңізінің жағасынан балық аулауға шығып, хабар-ошарсыз кеткен 2 адамның денесі табылды, деп жазады inbusiness.kz.

Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, марқұмдар 1981 және 1991 жылы туған ер адамдар.

"Олар 1 сәуірде балық аулау үшін Каспий теңізі бағытына "Новинск" каналы арқылы катермен шығып, содан кейін олармен байланыс үзілген. Іздеу жұмыстары бірнеше күн бойы жүргізілді, 3 сәуірде "Каспий таңы" өндірістік кооперативінің қызметкерлері балықшылардың денелерін жағадан 70 шақырым қашықтықтан тапты, – деді Атырау облыстық ТЖД.