​Жолаушы толы автобус көшенің ортасында жанып кете жаздады (видео)

0
1 254

Оқиға таңғы 8 сағат шамасында Әуезов және Жеңіс даңғылының қиылысында болған.


​Жолаушы толы автобус көшенің ортасында жанып кете жаздады (видео)

ERNUR.KZ. Бүгін Өскемендегі №2 маршруттық автобустың салоны қатты түтіндеп, жолаушыларды эвакуациялауға тура келді, деп жазады Алтайньюс.

Оқиға таңғы 8 сағат шамасында Әуезов және Жеңіс даңғылының қиылысында болған. Қоғамдық көліктің ішінде болған жолаушы Алексей Куропаткиннің айтуынша, автобус кептелісте тұрған кезде, салонының артқы жағы түтіндей бастаған.


– Жолаушылар жүргізушіге есіктерді аш деп айқайлай бастады. Билет ақшаларын қайтару туралы сөз болған жоқ. Адамдар асығыс басқа автобустарға отырып жатты, – дейді ол.

Қалалық жолаушыларды тасымалдау басқармасы орталығының айтуынша, автобус жүргізушісі түтінді тез өшіре қойған. Жапа шеккен ешкім жоқ деп отыр олар.

– Автобус аккумуляторының сымдары тұйықталып қалған. Түтін содан шығып отыр, – деп түсіндірді ЖТБО директоры Ернар Мұстафин.

Мұстафинның айтуынша, автобустар күнде таңертең жолға шықпас бұрын тексерутен өткізіледі. Бірақ электр сымдарын күнде тексеріп жатпайды екен. Күн аралатып қана қарайтын көрінеді.