Нұр-Сұлтан қаласының ауданаралық әкімшілік соты компанияны заңбұзушылық жасады деп таныды.
ERNUR.KZ. Ұлттық экономика министрлігінің бәсекелестікті қорғау және дамыту комитеті «Жолаушылар тасымалы» компаниясына қатысты тергеу нәтижесін жариялады, деп жазайды Stan.kz.
«Монополияға қарсы орган «Жолаушылар тасымалы» АҚ әрекеттерінен басымдылығын теріс пайдаланып, жол жүру билетін қайтару кезінде 1 000 теңге ұстап қалу дерегі анықталды», - дейді ведомстводағылар.
Нұр-Сұлтан қаласының ауданаралық әкімшілік соты 15 қазанда компанияны заңбұзушылық жасады деп танып, 865 миллион теңге (2,2 млн долладан аса) айыппұл салды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.