Жолдарда бақылау күшейтіледі: жыл соңына дейін 220 өлшеу станциясы орнатылады

0
157

Қазіргі уақытта республика бойынша 59 автоматтандырылған өлшеу станциясы орнатылған.


Жолдарда бақылау күшейтіледі: жыл соңына дейін 220 өлшеу станциясы орнатылады

фото: Sputnik/Ертай Сарбасов

ERNUR.KZ. Көлік министрлігі жүк автокөліктерінің салмағы мен габариттерін бақылауды толықтай цифрлық форматқа көшіруге мүдделі, деп жазады sputnik.kz.
Жолдардың мерзімінен бұрын тозуына жол бермеу және шамадан тыс жүктемелерді болдырмау мақсатында 2025 жылдың соңына дейін 220 автоматтандырылған өлшеу станциясын орнату жоспарланып отыр.
"Бұл станциялар тәулік бойы жұмыс істеп, көлік құралдарының салмағы мен габариттерін үздіксіз бақылауды қамтамасыз етеді. Жүйе заңбұзушылықтарды автоматты түрде анықтап, әкімшілік хаттамаларды жіберуге мүмкіндік береді", - дейді министрлік мамандары.
Қазіргі уақытта республика бойынша 59 автоматтандырылған өлшеу станциясы орнатылған. Олар:
республикалық маңызы бар жолдарда - 30 станция;
жергілікті маңызы бар жолдарда – 29 станция;
Осы құрылғылар енгізілген сәттен, яғни өткен жылдың қыркүйек айынан бастап салмақ нормаларын бұзғаны үшін 3 284 хаттама жолданды. Цифрлық шешімдердің арқасында бұл көрсеткіш 12 есеге артты.
Айта кетері, бүгінгі таңда елімізде күнделікті жүк тасымалдайтын 450 мыңнан астам жүк көлігі тіркелген. Ауыр жүк көліктерінің қарқынды қозғалысы, әсіресе рұқсат етілген салмақ нормалары бұзылған жағдайда жол жамылғысының жай-күйіне айтарлықтай кері әсер етеді.