Жүк көлігі жолдың шетінде тұрған жеңіл көлікті мыжып өтті (ФОТО)

0
1 220

Бір адам зардап шекті.


Жүк көлігі жолдың шетінде тұрған жеңіл көлікті мыжып өтті (ФОТО)

ERNUR.KZ. Ақмола облысында жүк көлігі жолдың шетінде тұрған жеңіл көлікпен соқтығысып, бір адам жарақат алды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы шілденің 13-де «Астана-Петропавл» тас жолының бойында болған.

«Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. «Foton» және «Nissan» көлік құралдарының соқтығысуы салдарынан жеңіл автокөліктің жолаушысы жарақат алды. Тиісті сараптамалар тағайындалды», — деді ведомство.

Тәріп сақшылары автокөлік жүргізушілерін жолдарда өте мұқият болуға және жол жиегінде тұрған кез келген көлік құралы қауіптің ықтимал көзі болып табылатынын ұмытпауға шақырады.