Қазіргі уақытта жаңа қызмет Павлодар облысында пилоттық режимде жұмыс істеп тұр.
Фото: hartpartners.com.au
ERNUR.KZ. Enbek.kz электрондық еңбек биржасы порталында жаңа "Цифрлық жұмыспен қамту қызметі" іске қосылды, деп жазады inbusiness.kz.
Жасанды интеллект технологиялары негізінде әзірленген сервис пайдаланушылардың білімі, жұмыс тәжірибесі, кәсіби дағдылары мен мансаптық қызығушылықтарын талдап, оларға сәйкес келетін бос жұмыс орындарын ұсынады.
Сервис құрамындағы "Мансаптық профиль" құралы кәсіби даму бағыттарын айқындауға, жұмысқа орналасу бойынша сұхбаттасуға дайындалуға және жұмыс іздеу үдерісіндегі жетістіктерді бақылауға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта жаңа қызмет Павлодар облысында пилоттық режимде жұмыс істеп тұр. Жақын уақытта сервис Маңғыстау облысында іске қосылады. Кейін ол кезең-кезеңімен Қазақстанның барлық өңірінің тұрғындарына қолжетімді болады.


